Елордада Ғұламалар кеңесінің ХХХІІ мәжілісі басталды (ФОТО)

13 желтоқсан 2021 3491 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXIІ мәжілісі басталды.

Кеңес жұмысын ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйене отырып, қоғамдағы мұсылман қауымы арасында туындап отырған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды. Осы жылы Ғұламалар кеңесінің төрт мәжілісі өтті. 2021 жылдың ішінде 20 пәтуа, 2 құжат және 2 ғылыми жоба бекітілді және 2 мәлімдеме жарияланды. Кеңестің белсенді жұмысының нәтижесінде «Пәтуалар жинағы» кітабының үшінші томы әзірленді. Баршаңызға айрықша алғысымды білдіремін», – деді.

Айта кетсек, екі күнге жалғасатын мәжілісте мүлікті банк арқылы сату үкімі, алтын және күміс саудасына қатысты үкім, салынғалы жатқан жылжымайтын мүлікті сатудың үкімі туралы пәтуалар бекітілмек. Сондай-ақ, бірнеше жобаның ережесін қабылдау жоспарланған. 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру