Елорда өкілдігі 2 000 жанға тегін маска таратты (ФОТО+ВИДЕО)

27 наурыз 2020 5606 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елорда жұртшылығына тегін маскалар таратылды. Қаладағы 12 мешіт қызметкерлері және «Сауап» белсенділер тобы мен «SaBellе» cән үйінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы 2 000 жанды қамтыды. Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы белсене атсалысып, халыққа тегін маскалар таратумен қатар, жылы лебіздерімен қолдау көрсетуге тырысты.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкерлеріне үндеу жариялап, қиын-қыстау кезеңде қайырымдылық шараларын күшейте түсуге шақырған болатын. Игі бастама аясында қазіргі уақытта құлшылық ордалары түрлі шаралар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға мейлінше қамқорлық таныту үстінде.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру