Елорда мешіттерінің әйел шәкірттері арасында интеллектуалды сайыс өтті (ФОТО)

27 желтоқсан 2018 7161 0
Оқу режимі

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті мен Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Ханшайым қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Елорда мешіттеріндегі Діни сауат ашу курсының әйел шәкірттері арасында «Зерде» интеллектуалды сайсы болып өтті.

Сайысқа республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана», «Сәдуақас қажы Ғылмани», «Әлжан ана», «Ырыскелді қажы» мешіттеріндегі сауат ашу курсында тәлім алатын әйел шәкірттер қатысып, білімдері мен ұшқыр ойларын ортаға салды. Сайыс барысында «Қазақстан», «Тарих», «Салт-дәстүр», «Тәуелсіздік» тақырыптарында мемлекеттік және ұлттық құндылықтар, салт-санаға қатысты сауалдар қойылып, тұшымды жауаптармен жалғасын тапты.

ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов бастаған қазылар алқасы қатысушылардың жан-жақты білімін бағалап, сайыстың төрелігін жүргізіп отырды.

Бірнеше айналымнан тұрған сайыстың қорытындысы бойынша, 1-орынды «Нұр Астана» мешітінің шәкірті Ділдәбек Жансая иеленсе, «Әлжан ана» мешітінің шәкірті Рысқалиева Ұлғанымға ІІ-орын берілді. Жүлделі ІІІ-орынға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірті Шағангүл Мақсұтқан лайық деп танылды.Жүлдегерлерге арнайы диплом мен алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру