Елорда имамдары зират мәселесіне байланысты жұмыстарды пысықтады (ФОТО)

11 маусым 2021 5583 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-сұлтан қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен елорда маңында орналасқан қорым басында зират мәдениеті мен мазар салу жұмыстарын біріздендіру мақсатында басқосу өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаров, Нұр-сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Камалжан Бекбосынұлы және елорда мешіттерінің имамдары қатысты.

Наиб мүфти Ершат Оңғаров елорда имамдары мен дін қызметкерлеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының зират және зиярат әдебіне қатысты насихатын жеткізіп, осыған қатысты діни басқарманың алдағы жұмыс жоспарларын баяндап өтті.

Айта кетейік, жыл басында Бас мүфти бастамасымен марқұмдардың басына белгі қойып, мазар салуды бірізіділікке түсіру мақсатында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы құрылып, Имамдардың IV республикалық онлайн форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты қабылданған болатын. Бүгінде ел мешіттерінің имамдары аталмыш құжатты жұртшылыққа насихаттап, ысырапшылдықтан аулақ болуға үндеп жүр.

«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаевтың айтуынша, Діни басқарма ұсынған құлпытастағы марқұмның суретінің орнына QR-код қосылды. Яғни кез келген смартфон қолданушы аталмыш QR-код арқылы орталық сайтына өтіп, марқұмның өмірдерегі жөнінде біле алады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру