ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

21 қыркүйек 2024 917 0
Оқу режимі

Астана қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы өтті. Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан сенбілік жұмыстарына Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған Елорда имамдары да атсалысып, акцияға өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ әртүрлі бірлестіктер мен еріктілер қатысқан жалпықалалық сенбілік барысында қала аумағында ағаштар отырғызылып, табиғатты көгалдандыру жұмыстары жүрді. Мұндай игі бастамалар экологиялық мәселелерге назар аударумен қатар, түрлі діни конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қоғамның бірлігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

Табиғат – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі игі бастама – ертеңгі ұрпаққа қалдырар мұра. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  көзін көрген Әбу Дәрда (қартайған шағында) Да­маск қаласында жеміс көшетін отырғызып жат­са, оны бiр кiсi көрiп: «(Қартайып қалдыңыз ғой). Мұны не үшін істеп жатсыз?» – деп сұрапты. Сонда Әбу Дәрда оған: «Асықпа, сабыр ет! Бізден бұрын келгендер көшеттер отырғызды, біз оны пайдаландық, жемісін жедік. Ендігі, егу, өсіру кезегі – біздікі. Оны келесі ұрпақ пайдаланады және жемісін жейді. Мен Пай­ғамбары­мыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бiр мұсылман ағаш отырғызса немесе егiн ексе, ол егiстiктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшiн садақа болып есептеледi» дегенiн естiгем», – деп жауап берді.

Пікірлер Кіру