«Crafers» кондитерлік өнімдері тексерілді (ФОТО)

21 қаңтар 2021 3544 0
Оқу режимі

«ҚМДБ халал» – отандық өнімдерге ғана емес, алыс-жақын шетелдік компанияларға да берілетін халықаралық сертификат.

«ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындардың бірі – көршілес Өзбекстандағы «Crafers» кондитерлік компаниясы. «Crafers» сауда белгісімен шығарылатын 150 түрлі кондитерлік өнім «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталған болатын.

«ҚМДБ халал» сертификаты берілген отандық және шетелдік кәсіпорындарда ай сайын кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары орындалып тұрады. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Омарова аудит жұмыстарын жүргізу үшін Өзбекстандағы «Crafers» кондитерлік компаниясында барып қайтты. Аудит кезінде бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Барлық шикізат пен өнімдер, тағамдық қоспалар талаптарға сай. Санитарлық тазалық та толықтай сақталған. Тексеріс жұмыстарынан кейін «Crafers» басшылығы мен қызметкерлеріне оқу-семинар жүргізілді.

«Crafers» кәсіпорны жылына 47 500 тонна кондитерлік өнім өндіріліп, әлемнің 15 еліне экспорттайды. Бұл өнімдерді еліміздегі дүкен сөрелерінен де таба аласыздар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру