БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

05 қараша 2022 3040 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылындағы жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

«Түркістан облысы мешіт саны жағынан еліміз бойынша бірінші орында тұр. Бұл өңірде 1000-ға жуық мешіт бар. Бұл – республика бойынша мешіттің үштен бір бөлігін құрайды. Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылына айрықша көрік беріп тұрған жаңа мешіттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды».

Қасиетті Құран Кәрімде: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген, Алладан ғана қорыққан адамдар көркейтеді. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят) делінген. Осы мешітті салған азаматтарға Алла разы болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру