БАС МҮФТИ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСУДА

15 наурыз 2024 1291 0
Оқу режимі

Бүгін Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтіп жатыр. Ауқымды шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысуда.

Ұлттық құрылтай отырысында ел Президенті ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі ислам дінін сақтаудың маңызды екеніне айрықша тоқталды.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек» деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру