БАС МҮФТИ УАҚЫПТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

09 қазан 2024 607 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрлігі Мешіт істері және Құран Кәрім орталық департаментінің басшысы, доктор Усама Фахримен кездесті. 

Бас мүфти Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысына Мысыр тарапынан делегат болып келген министрлік өкілімен діни білім және білікті кадр дайындау жөнінде әңгімелесті. Сондай-ақ доктор Усама Фахри жыл соңында өтетін халықаралық Құран жарысына Қазақстан атынан қариларды қатысуға шақырды.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Уақыптар министрлігінің өкіліне ілтипат көрсетті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру