Бас мүфти Қызылордада «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысымен танысты (ФОТО)

25 қыркүйек 2021 3938 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында орталық мешіт жанынан жаңадан ашылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Облыс бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Наурызбай қажы Тағанұлына орталықтың жұмысы жайлы баяндап берді.

«Қазақ халқы адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне мән берген. Біз мәйітті шариғат талаптарына сай жерлеуге көңіл бөлген халықпыз. «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы жерлеу рәсімдерінің шариғат аясында дұрыс орындалуына көмектеседі», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты қабылданған болатын. Құжатты қабылдаудағы мақсат – зират көтеру, жерлеу рәсімдері кезінде ысырапқа жол бермеу. «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуге үлес қоспақ.   

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру