Бас мүфти құрбан шалатын орындардың дайындығымен танысты (ФОТО)

30 шілде 2020 4687 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбандық шалынатын қасапхананың жай-күйімен танысып, ертеңгі шараға дайындық жұмыстарын пысықтады.

Бас мүфти бастаған жұмыс тобы арнайы бекітілген қасапхана ішін аралап, онлайн құрбан шалу шарасының жоспарымен танысып қайтты.

Құрбандық шалу кезінде шариғи талаптар толықтай сақталуы тиіс. Қасапханалардың санитарлық және техникалық шарттарға толықтай сай болуы талап етіледі. Сондай-ақ, діни рәсім кезінде қасапшылардың арнайы киім киіп, медициналық бетперде мен қолғап қолданулары тиіс екендігі де ескертілді.

Айта кетсек, құрбандық малдарын союға қазіргі уақытта арнайы семинардан өткен 40 қасапшы жұмылдырылып отыр. Ал, құрбандық шалуға ниет білдірушілер qurban2020.kz сайтына кіріп онлайн өтініш қалдыра алады. 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру