Бас мүфти ғұламаларға жаңа ғимаратты таныстырды (ФОТО)

12 ақпан 2019 6713 0
Оқу режимі

Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісіне жиналған белгілі дін қайраткерлеріне мүфтияттың Астанадағы жаңа ғимаратын таныстырды.

Кеңес мүшелері кеңсенің спорт кешенін, кітапханасын, компьютер залын, акт залын аралап көрді.

«Бұл мүфтияттың тарихында орын алған елеулі оқиға болды. Жаңа ғимарат елдің игілігі үшін қызмет етеді. Алла Тағала осы кеңсенің тұрғызылуына үлес қосқан азаматтарға жар болсын!» – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, 4 қабатты зәулім ғимараттың кітапхана, акт залы, спорт залы, намазханасы, компьютер бөлмесі бар.

ҚМДБ-ның әкімшілік ғимаратының құрылысы 2015 жылы басталып, 2018 жылдың 14 желтоқсанында пайдалануға берілді. Ғимараттың жер аумағы 1,2 га, ал кеңсенің жалпы аумағы 12 019 шаршы метр.

Ғимарат 4 блоктан тұрады: А блок (4 қабат әкімшілік корпус) 8 996 шаршы метр, Б блок (4 қабат жатақхана) 2 019 шаршы метр, В блок (1-қабатта акт залы) 447 шаршы метр, Г блок (1-қабатта спорт залы) 557 шаршы метр.

Жаңа кеңсе демеушілердің қаражаты есебінен тұрғызылды.

Алла Тағала сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға разы болсын!

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру