Бас мүфти Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс онлайн мәжілісін өткізді (ФОТО)

16 наурыз 2020 4389 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс онлайн мәжілісі өтті.

Мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов және Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Ғұламалар кеңесінің мүшелерімен онлайн режимде пікір алмасты. Алматыдан онлайн мәжіліске Бас мүфти кеңесшісі Мұхаммед-Хұсейн Алсабеков, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ұстаз Алау Әділбаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы қатысты.

Онлайн мәжілісте елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіт жанындағы асханаларда өтетін ас-садақаларды кейінге шегеру, жамағатпен оқылатын намазға қатысты пәтуа шығару, т.б. мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Ғұламалар кеңесі жұма намазына қатысты пәтуа мәтінін әзірлеуде. Пәтуа жуық арада ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру