Бас мүфти аумағы 1000 шаршы метр спорт кешенінің жобасымен танысты (ФОТО)

31 мамыр 2020 5726 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Миғраж» мешіті ауласында салынып жатқан спорт кешенін аралап, құрылысымен танысты.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Бас мүфтиге спорт кешенінің жобасымен таныстырып, осы бағытта атқарылып жатқан бірқатар жұмысты баяндады.

Жамағатты бір мақсатқа жұмылдыратын сауапты һәм салауатты шаралар көп. Соның бірі – спорттық шара. Дін қызметкерлері салауатты өмірдің насихатшысы да болуы қажет. Осы бағытта тиісті жобалар жүзеге асуы тиіс», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, «Миғраж» мешіті ауласында салынып жатқан екі қабаттан тұратын спорт кешенінің жалпы аумағы – 1000 шаршы метр. Кешенде дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисін ойнай алады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру