Бас мүфти Әлия Қабылбекқызының туыстарына көңіл айтты
08 ақпан 2021
3708
0
Оқу режимі
Елордадағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ұстазы, белгілі дін қызметкері Әлия Қабылбекқызы дүниеден озды. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.
«Әлия Қабылбекқызының қазасы жайлы қаралы хабар қабырғамды қайыстырды. Әлия апамыз Алланың берген өлшеулі өмірін дін жолында көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық қызметке арнады. Елдің бірлігі мен игілігі жолында бар күш-жігерін жұмсады. Елордамызда Ислам дінін насихаттап, мешітті көркейту жолында қажырлы еңбек етті. Алла Тағала Әлия Қабылбекқызын мейіріміне бөлеп, жанын жәннаттық еткей! Жаратқан Жаббар Иеміз артында қалған ұрпағына жар болсын! Әмин!» делінген Бас мүфидің көңіл айту жеделхатында.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру