БАС МҮФТИ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

04 сәуір 2023 2134 0
Оқу режимі

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әл-Ғани» мешітінде өткен тарауық намазында жамағатқа насихат айтты.

Мешіт жамағатын Рамазан айымен құттықтап, Хатым Құранда қарилар оқитын «Юсуф» сүресі жайлы насихат айтқан Бас мүфти: «Юсуф» сүресі ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ғаму-л-хузн» яғни қайғы жылы түсірілген. Бұл жылы Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйікті жары Хадиша анамыз және немере ағасы Әбу Тәліптен айырылған болатын. «Юсуф» сүресінде Алла Тағала Жүсіп пайғамбардың қиссасын баяндайды. Қиссада Жүсіп пайғамбардың көрген қиыншылықтары, ағайындарының оған жасаған қиянаты, соңында Алла Тағала Жүсіп пайғамбарды ол қиыншылықтардан құтқарғандығы турасында айтылған» деп, осы сүредегі аталмыш қиссадан алатын ғибраттарға тоқталып өтті.

ҚМДБ Төрағасы тарауық намазының соңында жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру