Бас мешітте «Рамазан анықтамалығы» іске қосылды (ФОТО)

28 сәуір 2020 5376 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айына орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазан анықтамалығы» іске қосылып отыр. Бес парыздың бірі – оразаға қатысты туындаған жамағат сұрақтарына мешіт имамдары сағат 09.00-21.00 аралығында төменде көрсетілген телефон арқылы жауап қайтарып, қасиетті айдағы құлшылық-ғибадаттың қате-кемшіліксіз болуына септігін тигізетін болмақ.

Байланыс телефоны: 8 (71 72) 422-455

Құрметті оқырман!

Сондай-ақ, Рамазан айының келуіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтында «Рамазан парақшасы» да ашылғанын хабарлаймыз. Аталмыш парақша бетінде ұлық айдың қадір-қасиеті жайлы мазмұнды мақалалар мен бейнероликтер тамашалап, көптеген сұрақтардың жауабы берілген.

Бұған қоса, қасиетті айдың құрметіне орай Елорда өкілдігінің ұйытқы болуымен күн сайын «Онлайн Құран хатым» және «Батаменен ел көгерер» жобасы жүргізіліп келеді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру