Бас мешіт ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді (ФОТО)

23 сәуір 2022 3460 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өткен сенбілік жұмыстарына мешіт қызметкерлері белсене атсалысып, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласына ағаш отырғызды. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері Рамазан айындағы сауапты шараға бар ынталарымен кірісіп, мешіттің Аманжолов көшесі жағындағы беткейіне аққайыңдар отырғызды.

Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Кімде-кімнің қолында көшеті (тал шыбығы) болса, соны қиямет қайым басталып кетсе де дереу отырғызып үлгерсін», – деп, ағаш егудің айрықша маңызды іс екенін ескерткен екен.

Айта кетейік, қала әкімдігінің хабарлауынша, 16 және 23 сәуір күндері өткен сенбілік аясында жалпы саны 4 000 астам тал отырғызылған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру