БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖАЙЛЫ СЕНБІЛІК СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

17 ақпан 2024 1602 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде мешіттің ұстазы Нұргүл Әлиханқызының қатысумен  әр сенбі сайын өтізіліп тұратын сенбілік семинар өтті.

Қатысушылар қызығушылықпен тыңдаған бұл басқосуда осы жолы бала тәрбиесі жайлы уағыз айтылды. Оның ішінде ата-ананың балаға деген жұмсақтығы, олардың балаға жақсы үлгі бола білуі, балалар арасында әділетті болу жағына аса мән берілуі керектігі туралы сөз қозғалды. 

«Ата-анасымен байланысты білу, сезіну – балаға ата-ана махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені, ата-анасынан, жақын туыстарынан естігені – ол үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының, ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәрежесінің деңгейі өте жоғары болуы керек», - деп атап өтті Нұргүл Әлиханқызы. 

Қатысушылардың сұрақтарына мешіт ұстазы жеке-жеке жауап берді. 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру