«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

31 қаңтар 2025 1018 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов наиб имам қызметіне тағайындалып отырған Сманов Әбдулахад Әбдісаттарұлын жамағатқа таныстырып, алдағы қызмет жолында сәттілік тіледі. 

Жамағаттың ақсақалдары өздерінің батасын беріп, барша дін қызметкерлеріне Алладан күш-қуат тілеп, дұғалар жасалды. 

АБДУСАТТАРҰЛЫ АБДУЛАХАД СМАНОВ 

Білімі:
2008-2010 ж.ж. Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Король Сауд институты Тіл және мәдениет мамандығы бойынша білім алған;
2011-2016 ж.ж. Сауд Арабия Корольдігіндегі Король Сауд университеті педагогика факультетінің «Құран дәрістері мұғалімі» (үздік диплом) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған;
2017-2020 ж.ж. Сауд Арабиясы корольдігіндегі Король Сауд университеті педагогика факультетінің «Құран және тәпсір» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған;
2020-2024 ж.ж. Сауд Арабиясы корольдігіндегі Король Сауд университеті педагогика факультетінің «Құран Тәпсірі» мамандығы бойынша PHD докторы дәрежесін алған. 

Тәжірибесі:
2020-2024 ж.ж. ҚМДБ «Талаба» қауымдастығының Сауд Арабиясы Корольдігі бойынша жауапты жетекшісі, Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚМДБ-ның ресми өкілі қызметін атқарған;
2024-2025 ж.ж. ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру