«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЙДЫ (ФОТО)

23 наурыз 2023 3366 0
Оқу режимі

Бүгін еліміз бойынша тарауих намазы оқылып, қасиетті Рамазанды асыға күткен мұсылман жамағаты ұлық айға қадам басты. Алланың жердегі үйі - мешіт атаулы бұл түні жамағатқа лық толып, құптан намазынан кейін Рамазан рәміздерінің бірі - тарауих намазында сап түзеді.

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті де бұл түні жамағатқа лық толып, қасиетті Рамазан айының берекесімен қауышты. Оразаның қадір-қасиетін паш еткен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері мен Құран ілінген баннерлер жамағатқа Рамазан шуағын сезіндіріп әрі керекті мағлұматтарға қанықтыра түскендей. Сондай-ақ, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының да уағызы жамағатқа ұлық айдың қасиетін ұғындырып, көптеген ақпаратқа қанықтырды. 

Қала бас имамы намаз алдында биылғы Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым түсіретін қариларды таныстырды. Айта кетейік, биылғы жылы «Әзірет Сұлтан»  мешітіндегі тарауих намаздарын Республикалық Құран байқауының жеңімпаздары өткізетін болмақ.

Олардың ең жасы Қуаныш Нұрланұлы (16 жаста) Республикалық Құран жарысында 2018 жылы 10 пара бойынша, 2020 жылы 20 пара бойынша жеңімпаз атанған. 1 қырағат бойынша ижаза алған. 

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында өткен соңғы Құран байқауының бас жүлдесін еншілеген Иманәлі Бейбітұлы да «Әзірет Сұлтан» жамағатын Алланың сөзіне ұйытып, тарауих намаздарын өткізетін болады. 

Рамазан айында арнайы шақырылған үшінші қари Дулат Болатбекұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына тіптен таныс десе де болады. 2015 жылы 13 жасында VI Құран байқауының жеңімпазы атанған Дулат сол жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым жасаған болатын. Одан бері өзін шыңдай түскен Дулат Болатбекұлы 2016 жылы Индонезида өткен Әлемдік Құран жарысында 3-орын алса, 2019 жылы Түркияда 1-орын алып, Алтын белгі иеленген.


Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру