«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

17 ақпан 2025 325 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай білікті ұстаздардың қатысуымен ауқымды семинар өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекет, Алматы қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Сүлейменова Гүлмира,  Алматы облысы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жаналиева Назерке, Түркістан облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Әбиева Еңлік ұстаздар қатысты.

Семинар барысында отбасы құндылықтарын сақтау, исламдағы әйелдің рөлі, бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық және рухани кемелдену секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, махаббат пен сыйластық, жанұядағы сенім мен түсіністік, ер адамға бағынудың шариғи қағидалары, ер мен әйелдің міндеттері туралы да айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы басқосулар алдағы уақытта да жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді. Қыз-келіншектер ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, бала тәрибесі, отбасылық құндылықтарға қатысты пайдалы кеңестер алды.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!   

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру