Айт күндері діни рәсім атқаруға 30-дан астам имам жұмылдырылады (ФОТО)

07 тамыз 2019 5711 0
Оқу режимі

Айт күндері Нұр-Сұлтан қаласында құрбан шалуға рұқсат етілген 7 орын белгіленіп отыр. Санитарлық тазалығы мен қауіпісіздігі көңіл тойдыратын бұл жерлер бірнеше күннен соң пышағын қайрап, құрбандығын сайлап келген жамағатқа лық толатын болмақ. осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен аталған жеті орында 30-дан астам діни маман қызмет көрсетіп, жамағатқа діни рәсімдер жөнінде көмек көрсететін болады.

Шариғат талаптарын түсіндіріп, құрбан шалудың хикметі мен маңызы жайлы ұғындыра түсетін діни қызметкерлер еңбегі – айт күндері халық үшін тым қажет екені сөзсіз. Осы орайда наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы жылы құрбан шалынатын орындардағы қызмет көрсететін имамдар қатарын көбейтіп, халық сұранысына орай әзірлік жасалып жатқанынан хабардар етті.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша айт күндері төменде көрсетілген 7 орында құрбандық шалуға болады:

«Байқоңыр» ауданы:

«Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 («Көк Базардың» артында)
Жеке кәсіпкер Есжанов А., «Жайлау», Алаш тас жолы, Ц 313 көшесі
«Шаушен» шаруа қожалығы, Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолы, 9-шақырым
«Темеш» шаруа қожалығы,  Нұр-Сұлтан – Софиевка тас жолы, 7-шақырым.

«Сарыарқа» ауданы:
«Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянур» базары)

«Есіл» ауданы:
«Алтын Таға» базары, Косшы ауылының алды

«Алматы» ауданы:
«Метро» сауда орталығы (Астана-Карағанды тас жолы)

Пікірлер Кіру