Әйел жамағатына «Тағдырға разы болу» тақырыбында уағыз айтылды (ФОТО)
20 қаңтар 2023
2675
0
Оқу режимі
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз сағаты бүгін де өз жалғасын тапты. Жұма намазынан кейін әйел жамағатына мешіт ұстазы Әсел Дүйсебекқызы «Тағдырға разы болу» тақырыбында насихат айтты.
Бүгінгі жиында ұстаз жақсылық та жамандық та, қуаныш та қайғы да, барлығы Алладан деп біліп, соған сабырлық еткенде ғана Алланың алдында абыройлы болатынымызды айтты. Бақытты жүректегі разылық пен қанағаттан ғана таба алатынымызды айтып түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа ерекше әсерлі болды.
Уағыз соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптар бойынша жауап берілді.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру