ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «ӘЙЕЛ САУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

30 қараша 2022 2652 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Әйел саулығы – қоғам құндылығы» атты кездесу өтті.

Семинарға психолог Гүлнұр Темірбекқызы және гинеколог Айнұр Беген қатысты. Олар әйел-қыздарға денсаулықтың қадірі жөнінде айтып, психологиялық, медициналық кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, мешіт ұстаздары Эльмира Серікбайқызы мен Әсел Дүйсебекқызы жүрек тазалығы, Құран оқудың артықшылығы жөнінде насихат айтты.

Кездесу барысында адамның өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалау, нәпсімен күрес секілді тақырыптар бойынша дінмен байланыстыра тұшымды дүниелер айтылды. Шәкірттер арнайы шақырылған мамандарға өз сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.  

Айта кетейік, «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен мұндай семинарлар жиі өткізіліп тұрады. Мешіт ұстаздары кездесу барысында әйел жамағатының діни білімін ғана арттырып қоймай, түрлі ғылым саласының мамандарын арнайы шақырып, кездесу өткізудің пайдасы зор екенін айтты. Жиын соңында «Инабат» клубы мешіт қонақтарына өз ризашылықтарын білдіріп, «Ихсан» кітабын сыйға тартты.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру