ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМА НАСИХАТЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ (ФОТО)

10 ақпан 2023 2252 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен әр жұма сайын намаздан кейін қыз-келіншектер қауымына арналған насихат сағаты қайта жалғасты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты жұма намазынан соң ұстаз Зарина Шамидуллақызының уағызын тыңдады.

«Исламдағы сабырлық» тақырыбында сөз өрбіткен мешіт ұстазы асыл дініміздегі сабырлық ұғымының орны ерекше екенін жеткізіп, Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен өнеге үйретті. Насихат соңында жамағат сұрақтарына да кезек беріліп, білікті ұстаздың тұшымды жауаптарына қанықты.

Еске сала кетейік, жұма нсихаты «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы аясында өтіп жатыр.



Пікірлер Кіру