ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ӘДЕП ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)
01 қазан 2023
1710
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен «Рақымқызы Раиса ана» мешітінде әйел жамағатына арналған «Ихсан – әдеп негізі» атты семинар өтті.
Семинар барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мухлиса Сайдулақызы, «Раиса ана» мешіті ұстазы Шырайлым Мәуленқызы насихат айтып, Ихсан ілімі жайында, рухани тәрбиенің артықшылығы мен пайдалары жайында кеңінен тоқталды.
Рухани басқосуға мешіт шәкірттері мен жамағаты арасынан 40-жуық жан қатысып, ұстаздардың тұшымды насихатын тыңдады.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру