ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ «ҚҰРАН ХАТЫМ» ЖОБАСЫН БАСТАДЫ (ФОТО)

26 қаңтар 2023 3385 0
Оқу режимі

Бүгін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Құран оқу» және «Құран жаттау» тобының әйел шәкірттері Құран Хатым жобасын бастады. Тұрақты шәкірттер мешітке жиналып, Құран беттерін өзара бөліп, бір уақытта оқып шықты. Берекелі жиын соңында бас-аяғы бір сағаттай уақытта оқылған Құранның сауабын ата-баба рухына бағыштап, хатым дұғасы жасалды.

Мешіт ұстазы Зарина Шамидулақызы Құран оқу үшін жиналу, бірігу – жақсы (сауапты) іс екенін айтып, Әбу Һұрайрадан жеткен «Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың кітабын оқыған және оны бір-біріне үйреткен қауымға тыныштық беріледі, рақым етіледі, оларды періштелер орап алады (қорғайды), Алла оларды Өзінің құзырындағы адамдардың ішінде еске алады» - деген хадисті айтып, жамағаттың ынтасын арттырды.  

Айта кетейік,  бұл игі іс Рамазанға дайындық мақсатында қасиетті Ережеп айынан бастау алып отыр. Сондай-ақ, аталмыш жоба апта сайын жалғасын таппақ.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру