АТЫРАУДА ЕРІКТІЛЕР БӨГЕТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ (ФОТО)

16 сәуір 2024 1443 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры жанындағы «Қайырымдылық жаршысы» еріктілер тобы мен мешіт жастары Береке ауылындағы Жайық жағасына бөгет салу жұмыстарына қатысты.

Бөгет салу жұмыстарына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен қала имамдары қолғабыс етті.

«Қиын кезеңдерде бірлік-ынтымағамызды көрсету мақсатында еріктілер болып қызмет етудеміз. Алла елімізді қауіп-қатерден сақтасын. Күш біріктіріп жұмыла жұмыс жасаудың нәтижесінде су апатының алдын аламыз деген үміттеміз», - деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жаға бекіту жұмыстарына мешіт жанынан 100-ге жуық ерікті атсалысты.

Айта кетсек, өңірдегі төтенше жағдайға байланысты қаладағы су келу қауіпі бар аймақтарда барлық мешіт имамдары мен еріктілері күні-түні жұмыс істеуде.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру