Атырау: Жазасын өтеушіге Бас мүфтидің аманаты тапсырылды

12 қараша 2020 4110 0
Оқу режимі

«Жусан» операциясы арқылы елге оралып, Сирия жерінде жас өмірін әрі денсаулығын құрбан етіп келген Е. есімді жазасын өтеушіге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының аманаты – мүгедектік қоларбасын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы апарып берді.

Бұған дейін Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы 66-түзету мекемесіне арнайы барып, «Жусан» операциясы арқылы елге оралған, 8 жылға бас бостандығынан айырылған Е.А есімді азаматпен арнайы кездескен еді. Сирияға кеткен бұл азамат арқасынан жарақат алған екен. Жақында ғана операция жасатып, қазір жүруге жарамай қалған. Осыны ескерген Бас мүфти Е.А.-ға арнайы қоларба алып беруге уәде еткен болатын.

«Біз ықылым заманнан Әбу Ханифа мәзһабын ұстанған халықпыз. Дініміз бен ділімізге берік болсақ, бізді сырттан жау алмайды. Қазақ бауырын өлімге қимаған халық. «Адасқанның айыбы жоқ, үйірін қайта тапқан соң» деп бауырға басатын да қазақ. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақтың көрегендігін, бауырмалдық қасиетін тағы бір паш етіп отыр» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер Кіру