Атырау: «Халал Даму» директоры өңір имамдарымен кездесті (ФОТО)

20 қазан 2020 3996 0
Оқу режимі

Атырау облысына арнайы жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» халал стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Аташев атыраулық имамдармен кездесті. 

Кездесу барысында адал ас ішудің исламдағы, жалпы адам саулығына пайдасы хақында айтылды. 

«Имамдарымыз халық арасында көп жүреді. Демек, адал астың маңызы туралы да насихат көбірек айтылуы керек. Адал жүріп, адал несібе табуды бұйырғаны секілді, ислам дінінде адал ас ішудің маңызы өте зор. 

Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланатын қоғамдық тамақтану орындарының халал стандартын алғандығына да маңыз бергеніміз жөн. 

Жалпы алғанда, соңғы жылдары халықтың «халал, харам» жөнінде мәліметі артып, тұтынатын өнімдерінің адалдығына аса ұқыптылық танытуда. Сондай-ақ, халал асқа сұраныс артып келеді. Бұл атқарылып жатқан ортақ жұмысымыздың нәтижелі көрінісі» деп атап өтті Айбек Аташев.

Пікірлер Кіру