АСТАНА ӨКІЛДІГІНІҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛДЫ (ФОТО)

11 желтоқсан 2023 1772 0
Оқу режимі

Астанада отандық футбол тарихында алғаш рет діни конфессиялар арасындағы Қазақстан футбол федерациясының «Достық» кубогы өтті. Елордалық футбол үйінде өткен айтулы іс-шараны УЕФА-ның қолдауымен ҚФФ-ның ұйымдастырды.

 Іс - шара бірден екі ерекше күнге – ҚР Тәуелсіздік күніне және отандық футболдың 110 жылдығына орайластырылды.

Турнирге сегіз діни конфессия атынан 12 команда қатысты. 

Турнирдің ашылу салтанатына ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының архиепископ-митрополиті Томаш Пэта, евангелиялық Қазақстан сенімі христиандары шіркеулері Одағының Өңірлік үйлестірушісі Сергей Кан қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Елорда бас имамы Ерболат Жүсіпов спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтіп, ҚФФ-ға алғысын білдіріп: «Футбол-әлемдегі ең танымал ойындардың бірі. Өздеріңіз білетіндей, исламда денсаулығыңызға назар аудару үлкен ғибадат болып табылады. Сондықтан барлық қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілеймін!» – деді.

Командалар төрт командадан тұратын үш топқа бөлінді. Алдымен олар бір-бірімен топтық жүйеде ойнады, содан кейін финалға үш үздік команда шығып, нәтижесінде ҚМДБ, Астана қаласы өкілдігінің «Тұран» командасы жеңіс тұғырына көтерілді.

Чемпиондар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен медальдарға ие болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру