«Астана» медресесінде семинар өтті (ФОТО)

11 сәуір 2022 3515 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медресе-колледжінде «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинары ұйымдастырылды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының жетекшілігімен өткен семинарға медресе директоры Бақтыбай Қыдырбайұлы, технолог Данияр Сафиев, Айзат Сатаева және медресе ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

Оқу-семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты» деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Технолог мамандар халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, медресе ұжымы шәкірттердің білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Семинар соңында, медресе шәкірттері мен оқу орнының кітапхана қорына «Халал –шариғат талабы» сыйға тартылды.

Дереккөз: halaldamu.kz

Пікірлер Кіру