АСТАНА ИМАМДАРЫНА ДІНИ ОҢАЛТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен елорда имамдарына діни оңалту бағыты бойынша семинар өтті.
Жиында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Жарбол Болатұлы дін қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының дінге қатысты заңнамаларын түсіндіріп, «Жат діни ағым мүшелерімен жұмыс жасаушыға 10 кеңес» тақырыбында баяндама оқыды.
Атап айтсақ, жұмыс барысында ресми дінтанулық білімге сүйену, жат ағым өкілдерінің негізгі белгілері, қоғамдық және отбасылық құндылықтарға мән беру, әлеуметтік желі арқылы келетін қауіп-қатер, дін мен дәстүр үйлесімі, жат ағым өкілдерімен жұмыс жасауда қарапайым және түсінікті тілмен диалог жүргізу, дін саласындағы басқа да білікті мамандармен әріптестік байланыс орнату, жат ағым өкілдеріне заң алдындағы жауапкершілікті ескерту, олардың тарапынан келетін сұрақтарға ашық болу секілді мәселелер төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында имамдар өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.