«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

16 қыркүйек 2024 828 0
Оқу режимі

«Әс-Сәлам» мешітінде Астана қаласы өкілдігі «Зекет және Қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Мәуліт айы және «Аналар күні» құрметіне көп балалы отбасыларға қайырымдылық акциясы өтті.

Шараға «Зекет және Қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Оразбай Нұрбол Қабланұлы, «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы және жамағат қатысты.

Қайырымдылық шарасында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға жалпы  500 келі ұн және 250 литр май үлестірілді. Жиналған жұртшылыққа ұйымдастырушылар тарапынан үгіт-насихат айтылып, сөзбен демеу берілді. Көпбалалы аналардың алғысы мен ризашылығын алған мешіт қызметкерлері жиын соңында дұға жасап, Алладан берекелі несібе нәсіп етсін деп дұға тіледі.

Пікірлер Кіру