«Арманымдағы Рамазан»: қасиетті айға дайындық мақсатында рухани кеш өтті (ФОТО)

28 наурыз 2022 3910 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әзірет Сұлтан мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен «Арманымдағы Рамазан» атты рухани кеш болып өтті. Қасиетті айдың маңыздылығын ұғындыруға арналған кешке 100-ге жуық қонақ қатысып, рухани тағылым алып қайтты.

Рухани кеш дастарханына Елорда мешіттерінің ұстаздар қауымы шақырылып, уағыз-насихат айтылды. Рамазан айын пайдалы өткізуге шариғи кеңестер берілді.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған берекелі кеш барысында мешіт шәкірттері арнайы сахналық көріністер қойыпғ көрерменнің көңілін босатып, көзіне жас ұялатты. Сондай-ақ, қонақтар арасында викториналық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар тарту етілді. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жетекшісі Динара Құтқожақызы сөз сөйлеп, бүгінгі кештің маңыздылығын атап өтті.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру