Алматыда Зекет қызметкерлерінің жиыны өтті (ФОТО)
17 ақпан 2022
3632
0
Оқу режимі
Алматы қаласында ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы зекет қызметкерлерімен жүздесті.
Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметіне тағайындалған Қанат Қыдырминді жиынға қатысушыларға таныстырып, қайырымдылыққа қатысты жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді.
Сондай-ақ, 14-15 ақпан күндері «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин Алматы қаласы мен облысы, Талдықорған өңірі, Жамбыл мен Түркістан облысы, сондай-ақ Шымкент қаласының зекет қызметкерлерімен кездесті. Жиналыс барысында ауқымды жобалар мен айтулы шаралар талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру