«ӘЛ-ФАТТАХ» МЕШІТІНДЕ ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ ТӨЛ БАСЫЛЫМДАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ (ФОТО)
21 сәуір 2025
154
0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Фаттах» мешітінде имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттайтын «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының таныстырылымы өтті.
Мешіттің ақсақалдары мен тұрақты жамағатына басылымдардың басты мақсаты, көтерілетін тақырыптары мен қоғамға тигізер пайдасы жайлы кеңінен түсіндірілді.
Айта кетейік, «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы ҚМДБ-ның ресми басылымдары болып табылады және дін мен дәстүр сабақтастығын ұлықтауға, қоғамдағы өзекті мәселелерге шариғи тұрғыдан үн қосуға бағытталған.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру