«ӘЛ-ФӘТТАХ» МЕШІТІНДЕ «АТАЛАР МЕКТЕБІНІҢ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Фәттах» мешітінің ақсақалдарынан құралған «Аталар мектебі» семинар өткізді.
Берекелі басқосуда құлшылық үйінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы ақсақалдарға Қазақстан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Аталар мектебі» жобасы бүкіл облыстарға қарасты мешіттерде жүзеге асып жатқанын, бұл игі бастаманың ұлтымыз мен елдгімізге, өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер мол пайдасы бар екенін жеткізіп, осы игі бастама аясында жұмыла қызмет атқаруға шақырды.
Еске салсақ, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылған болатын.
Жиын соңында ақсақалдарға муфтият баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» III кітабы мен «Әке мектебі» кітабы сыйға берілді.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі