«Әл-Фараби»: «Сөз өнері: Дауыс және дикция» семинары өтті (фото)

12 желтоқсан 2022 2606 0
Оқу режимі

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында «Сөз өнері: Дауыс және дикция» семинары өткізілді.

Мешіт имамдары және қала мешіттерінің имамдарына «Қазақ» радиосының дикторы Мұхаммед Әли Болатұлы сөз өнері, шешендік өнер, сауатты сөйлеу мен дауыс пен дикцияның маңыздылығы жайында арнайы дәріс оқыды.

Лектор Мұхаммед Әли Болатұлы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінен бірнеше мысалдар келтіріп, сөз өнерінің адам өміріндегі маңызын тілге тиек етті.

Имамдар жамағатқа насихат айтарда дауыс және дикцияның дұрыс болуына мән беруі керек екендігін, шешендік өнер, сөз өнері, сөздік қордың бай болуы алдымен адамның өзіне оң нәтиже беретінін баяндады. Сондай-ақ, адамдардың кейбір дыбыстарға тілі келмей қалатын жағдайдың алдын алу шаралары мен сауатты сөйлеуді дамытатын тәсілдермен бөлісті.

Көпшілік алдында сөйлеу кезінде үндік (дауыстық) акустиканы ұмытуға болмайтынын, шешен адамның сөзі бір сарынды болмауы керек екенін, ел алдында насихат айтатын адам тілдегі әрбір сөзге көп күш-жігер жұмсау керектігін атап өтті.

Имамдарға пайдалы болған семинар соңында спикер Мұхаммед Әли Болатұлы қойылған сауалдарға нақты, тұшымды жауап берді.

121222 DauysDikciya 1

121222 DauysDikciya 2

121222 DauysDikciya 3

121222 DauysDikciya 4

121222 DauysDikciya 6

121222 DauysDikciya 9

121222 DauysDikciya 10

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру