«ӘЛ-ФАРАБИ»: АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

17 маусым 2024 1068 0
Оқу режимі

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі Құрбан айт мерекесінің жалғасы дәстүрлі спорттық шараларға ұласты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан сайысқа мешіт жамағаты әдеттегідей белсене атсалысты. Мешітке мерекелік мінәжат үшін келген қала қонақтары қызықты өткен тартысты тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді.

Халқымыздың қанына сіңген ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында мешіт ауласына жиылған жамағат арасында «Арқан тарту», «Қол күресі»,  «Асық ату», «Гір тасын көтеру» бойынша өзара сайыс өтті.

Айт намазына келген елордалық жұртшылық әрбір аталымға жұмыла қатысып, Құрбан айт мерекесінің мерейін асырды. Мерекелік сайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан үздік жеңімпаздарға бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдар мен мешіт ұжымы атынан арнайы әзірленген сый-сияпаттар табысталды.

Осылайша, Құрбан айт мейрамының құрметіне өткізілген ұлттық спорт сайысы мешіт жамағаты арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттырып, өзара ынтымақты күшейтуге тағы бір себеп болды.

6898b880 f7ec 47c1 868a 1c8118bf5cb6

6d7adbb1 8982 45d0 9460 2ea04d5b1073

88d419b7 fe80 479a aa1f 33f2539a6639

2063b80b 4692 46ab 9506 bf1b167b3d8d

6dbf335d b2fe 46bf 9f4d 54ad55a8fad7

Пікірлер Кіру