Әл-азһармен қарым-қатынас артады (ФОТО)

29 мамыр 2021 3729 0
Оқу режимі

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әйгілі әл-Азһар шейхының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Дуанимен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Мысыр елдері арасындағы тарихи-мәдени, рухани байланысты арттыру мәселесі сөз болды.

«Аллаға шүкір, Қазақстан және Мысыр арасындағы байланыс жыл санап артып келеді. Жуырда Мысырға барған сапарымда әл-Азһар шейхы Ахмет Тайыппен кездестім. Әл-Азһар шейхына Қазақстанға бөлінетін білім гранты санын екі есе көбейтуді ұсындым. Сонымен қатар Қазақстанда салынатын Ислам академиясын, Ислам және теология кітапханасын классикалық діни кітаптармен қамтамасыз етудің маңыздылығын баяндадым.

Әл-Азһар университетінің шейхы бұл ұсынысты қолдайтынын, Қазақстан үшін бөлінетін білім гранты екі есе ұлғаятынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ислам академиясы мен Ислам және теология кітапханасына қажетті классикалық бағыттағы кітаптарды жеткізіп беруге уәде етті. Осы сәтті пайдаланып мәртебелі Ахмет Тайып мырзаға тағы да айрықша алғысымды жеткіземін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру