«Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өтті (ФОТО)

05 желтоқсан 2019 6068 0
Оқу режимі

Елорда төрінде жақында ғана жамағатқа есігін айқар ашқан «Рахымқызы Раиса Ана» мешітін де бүгін «Адамзаттың асыл тәжі»  атты Мәуліт кеші болып өтті.

Мешіттің әйел жамағатынан құралған «Раиса Ана қыз-келіншектер мектебінің» ұйытқы болуымен өткен рухани кешrе қаламыздағы Жастар театрының өнерпаздары шақырылып,  жамағатты тағылымды көріністер мен мазмұнды монологтар арқылы иманға ұйыта түсті.

Кеш аясында келушілерге «Мұхаммед (с.ғ.с.) қандай адам еді», «Ол дүниеге келген кезде қандай оқиғалар орын алды», «Салауат айтудың 10 пайдасы» т.б. бейне-слайдтар мен көріністер көрсетілді. Қасиетті Құран аяттары оқылып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) сансыз салауаттар жолданған рухани шара аясында қазақы қара өлең оқылып, жамағат алдында Мұхтарқызы Әмина есімді шәкірт «Пайғамбарға сағынышын» жеткізді.

Мәуліт мерекесіне орай жамағат арасында жүргізілген «Адамзаттың асыл тәжі» байқауының іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 6 үміткер арасында бүгінгі кеште ақтық сайыс ұйымдастырылды. Көрермен алдында өз білімдерін паш етіп, біліктіліктерін көрсеткен қатысушыларға жүлделі орындар беріліп, арнайы марапатталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру