«30 күнге - 30 шара»: Тәртіп сақшыларына «Рамазан қоржыны» таратылды (ФОТО)

15 сәуір 2022 3119 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырған «30 күнге - 30 шара» жобасы аясында «Шейх Кунта қажы» мешіті елордалық тәртіп сақшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ораза ұстап, ауыз бекіткен 100-ден астам тәртіп сақшысына «Рамазан қоржыны» таратылып, сый-құрмет көрсетілді.

Кездесуге «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Ибрагим Сматаев пен «Зекет және қайырымдылық» қорының Елорда филиалының жауапты қызметкері Мерей Жақия қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Рамазан айының қадір-қасиеті жайында насихат айтып, тақырып аясында түрлі сұрақтарға жауап қайтарды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру