Жолдас Ердәулет Нуриддинұлы

17 желтоқсан 2018 5134 0
Оқу режимі

1998 жылы 21-сәуірде қазіргі Түркістан облысы, Жетісай қаласында дүниеге келген.  Қазіргі таңда «Сарыағаш медресе» колледжінің 1-курс студенті.

Пайғамбар жолы

Қалам алып қолыма,
Жүректен жыр жазайын.
«Бисмиллә» деп ендеше,
Өлең жазып бастайын.

Жазып жатқан өлеңім,
Өмір баяны Сардардың.
Уахи түсті алғаш рет,
Іргесінде Қағбаның.

Сардар деген кім десеңіз,
Ол пайғамбар Мұхаммед.
Уа, Аллам, ол кісіге,
Сәлеміңмен рахым ет.

Пайғамбарлық келгенде,
Қарсы шықты өз елі.
«Лә иләһә илаллаһ»
Айтатын сөзі осы еді.

Көп құдайшыл мүшріктер,
Мойындамай Алланы.
Қарсы шықты бәрі де,
Өлтірмек болып Сардарды.

Іске аспай ойлары,
Есі шықты бәрінің.
Қарсы шығып пайғамбарға,
Жеңе алмады бәрібір.

Тар жол-тайғақ кешті ол,
Жылады ол біз үшін.
Күресті Алла жолында,
Алланың асыл діні үшін.

Жаратқанның хақ дінін,
Жеткізсем деп біздерге.
Ислам дінін шаршамай,
Насихаттады көп елге.

Ислам дінін қабылдаған,
Мүміндер де көп болды.
Соғысуға дайын болып,
Еңсесін ұстап тік тұрды.

Пайғамбардың жанында,
Сахабалары көп еді.
Олар тірі тұрғанда,
Алмаған белес жоқ еді.

Күні-түні дұғада,
Жәннәт тілеп біздерге.
Дидары оның нұрлы еді,
Шын қараған көздерге.

Үмметтерін ойлады,
Жатсадағы тұрса да.
Бәріне де шыдады,
Дұшпандары ұрса да.

Қорықпастан таратты,
Ислам дінін көп жерге.
Жаратқанның қалауымен,
Жетті,міне біздерге.

Разылығы үшін Алланың,
Өмірін бізге арнады.
Ұлық дінмен әлемге,
Бейбітшілік орнады.

Біздер үшін күрескен,
Ол Алланың хабибі еді.
Қиямет күні пайғамбармен,
Бірге болсақ игі еді.

Қалдырды ол біздерге,
Құран менен сүннетін.
Пайғамбарымыз Мұхаммед,
Ойлады әркез үмбетін.

Әр мұсылманның үйінде,
Алла берген береке болсын.
Хақ елшісі Мұхаммедке,
Жаратқанның сәлемі болсын.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру