ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН

19 қыркүйек 2023 4408 0
Оқу режимі

Қаракөз ханым өлген соң, Жиренше қатын алмай көп жүріпті. Ойлаған сынына дәл қыз кездеспейді, кез келген қызды ұнатпайды. Сөйтіп жүргенде бір жігіт кездесіп, жолдас болыпты, өзі көп үндемейтін адам екен. Бір мезгілде Жиренше жігітке қарап: «Жол қысқартайық»,– дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы бір кезде Жиренше жігітке: «Ағаш қазан қайнатайық»,– дейді, жігіт жауап қайырмайды. Тағы да біраздан соң бір көшіп кеткен елдің жұртын көргенде Жиренше: «Мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен»,– дейді. Жігіт оған да жауап бермейді. Сонымен екеуі бір елге жақындағанда, жаңбыр құйып кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң қаптарын арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. «Мына қызда бір сыр болар», – деп, Жиренше отырып қалған қызға келеді. Қыз асқан сұлу екен, Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Енді ақылы қандай екен деп сынау үшін: «Сен көп қыздан неге бөлініп, жалғыз отырып қалдың?» – дейді Жиренше.
– Мен басқа қыздарға еріп ақымақ болайын ба?– дейді қыз.
– Олар қалай ақымақ болады?– дейді Жиренше.
– Олардың, ақымақтығы мынада: келе жатқан алды бар, арты жок, шағын
бұлт. Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Ал олар үйге барғанша отындары да, барлық киімдері де су болады. Су болған отындары жанбайды, киімдерін кептіре алмайды. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымның, ығына өзім отырдым; менің су болған жалғыз-ақ, шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ; үйге барғанда отынымды жарып, шапанымды кептіріп аламын, – дейді. Қыздың көркіне ақылы сай, Қаракөздей болып көрінеді. Бұл қызға енді бір сөз айтып
көрейін деп Жиренше:
Бүркеніп жалғыз отырсың,
Бойға жеткен жас бала.
Ұнатсаң, айтқан сөзімді,
Күлімдеп көзің бері қара!
Оңаша бір сөзім бар,
Ақылың болса сен ұғар.
Менің атым Жиренше,
Жол берген маған хан-к,ара,—
дейді. Сонда қыз бөгелместен:
Сыртыңнан естіп қанық ем,
Шешен деген атыңды.
Түсіңе бұрын танық ем,
Жаңа көрдім затыңды.
Айтар жерің осы ма,
Көңілдегі датыңды? -
деп күлімсіреп өң бергендей болып:
Уәде қылып келіп пе ең,
Сөйлесем деп осы жерге.
Жалғыз атты жолаушы,
Аулақ менен көш жерге.
Құрбыңды іздеп тауып ал,
Жас қыз сөзіңді есітер ме? – дейді.
Жиренше шешен қызды әбден ұнатып ішінен: «Құдай жазса сені алармын», – деген ойға келеді. Ауыл мен екі арада өзен бар екен.
– Мынау өзеннің өткелі қай жерде? - дейді Жиренше.
– Анау жерде бір өткел бар - алыс; алыста болса жақын. Мына жерде бір өткел бар- жақын; жақын да болса алыс, - дейді қыз.
– Сенің үйің қайсы?— дейді Жиренше қызға.
– Менің үйім анау - үлкен ақ үйдің жанындағы қараша үй,- дейді қыз.
Жиренше алыс өткелге кеткенде, жолдасы жақын өткелге бұрылады. Қыздың алыс, алыста болса жақын дегені өткелдің суы саяз, асты құмқайыр екен. Жиреншенің аты желіп өтеді. Ал «жақын, жақын да болса алыс» дегені өткелдің суы терең, асты балшық екен, жолдасының аты батпақтап зорға өтеді.
Жанындағы жігітке: «Сен қайда қонасың?» – дегенде, «Мен мына ақ үйге қонамын», – дейді ол. «Ендеше мен қараша үйге қонамын»,- дейді шешен. Сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі. Бір уақытта отынын арқалап манағы қыз да келеді. Жиренше төрге жайғасқан соң, үйдегі кемпір амандықтан кейін: «Шырағым мынау байдың үйі тұрғанда, біздің қосқа қалай түстің?» - дейді. Жиренше: «Менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түстім», – дейді.
– Жиренше түскен үй іңір болған соң, от жақты, келін сиыр сауды. Кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр.
Жиренше төрде отырып қызға қарап басын сипайды. Бұл: «Сенің қалыңмалың шашымнан көп-ау» – дегені еді. Қыз оған түсініп астындағы тақыр тулақты сипады. Ол теңімді тапса тақыр кедей болса да береді дегені еді... Жиренше мен кыз бірін-бірі ұнатқанын осылай ыммен ұрысады.
Таң, атқан соң жұрт тұрып жайланған кезде бай Жиреншені шақыртып алады. Жиренше келсе, кешегі жігіт мәз-мейрам болып сонда отыр екен. Амандасқаннан кейін бай: «Кешегі бірге келген кісі осы ма?» - дейді, жігіт: «Ия»,- дейді «Екеуің бірге келіп екі бөлек түскендерің қалай?» - дейді бай. Жиренше: «Бұрынғының сөзі бар еді, сол есіме түсіп, бөлек түстім»,— дейд!. «Ол не деген сөз? - дегенде
Жиренше:
Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң, наданнан
Қабырыңды жырақ қыл! – - деген дейді.
Бай: «екеуің жолда не сөйлестіңдер, не айттыңдар?» – дегенде жігіт түндегі жол-жөнекей айтылған сөзд! баяндайды. Жиренше: «Екеуден-екеу жапанның сары даласында келе жаттық; әртүрлі сөз айттым, біреуіне де жолдасым сөз қайтармады. Сонан соң мен де үндемей отырып едім, ұйқы келді, маужырап жүре алмадық. Ұйқыдан мезі болған соң «жол қысқарталық» дедім. Оным әңгіме айт дегенім еді. Екінші «ағаш қазан қайнатайық» дегенім - насыбай атып алайық дегенім еді. Үшінші «бейбастақ үйдің жұрты» дегенім бір жұртта екі басы бірдей күйік кесеу жатыр екен. Айтқан сөзімнің біріне жауап қайырмаған соң «мына жігіт надан екен, деп бөлек қонған едім»,- дейді. Бай Жиреншенің бұрын атын есітіп бір көруге құмар болып жүреді екен. Өзін көріп, сөзін естіген соң есі кетіп мал сойып, қымыз құяды. Бәйбіше: «Шырағым, бүгін осында бол!» – деп қондырады. ...Бай Жиреншенің ақылына қызығып қызын бергісі келеді. Қ,ызы: «Мені бір жалғыз атты кедейге бар дегені несі, бармаймын», – деп астан-кестен болып бүлінеді.Қызынан бұл сөзді естіп өтірікші болдым-ау деп ойланып отырғанда, Жиренше: «Бай, сіздің қиналып отырғаныңыз маған әбден батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау көршіңіздің қызының қалың малын төлеп алып берсеңіз болады», – дейді. Бай көрші жігітті шақырып алып, сұраған малын беріп, Қарашашты Жиреншеге қосады.
Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты. Әз Жәнібек ханн «Жиреншеге 6із естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар», – деп уәзірлерімен сөз байлап кояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып ханның үйіне түсіп сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:
– Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? – депті.

Жиренше шешен отырып:
 –Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен бірдей болады, – депті.
– Шешесі өлген қалай болады?
– Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
– Ағасы өлген қалай болады?
– Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
– Інісі өлген қалай болады?
– Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
– Апа-қарындасы өлген қалай болады?
– Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
– Қатыны өлген қалай болады?
– Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? – дейді Жиренше. Ол күйініп қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.
Карашаш Жиренше орта жаска келгенде каза болады. Жиреншенің бұрынғы жас күні емес, кыз карастыруға ыңғайы келмей, бірер жыл жүреді. Әр күні әз Жәнібек хан Жиреншеге: «Шешен, сенің үйленбей жүргенің жарамайды, пәленшенің катыны ерінің тұсында жаксы әйелдің бірі еді, соны сен ал!» — дейді. Жиренше шешен: «Сіз ұйғарған болсаңыз жарайды», — деп сол қатынды алады. Арада біраз уақыт өткенде хан: «Шешен, мына қатыньң бұрынғылардай болатын ба, қалай?»-дейді. Сонда шешен: «Күндіз екеуіміз, түнде төртеуміз», – дейді. Хан: «Түнде төртеуің қалай?» - дегенде, Жиренше шешен былай дейді:
 Ері есіне түседі,
Теріс қарап жатады,
Оныменен ол екеу.
Қарашашты ойлаймын,
Мен де теріс қараймын,
Оныменен мен екеу.
Оймен тауып жолдасты
Боламыз түнде біз төртеу.
Таң атқан соң оянып,
Тұра келсек тағы екеу!
Қыздай алмай қатын болмас,
Есік көрген мақұл болмас.
Қанша жақсы көрем десең де,
Бұрынғыдан жақын болмас.
Байы өлген қатынды алу,
Ойлағанда ақыл болмас.
Хан мен жиылған көп шешеннің сөзін тыңдап «рас» десіпті.
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» - деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан ок,
Бір Алланың какпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Қарашаш өліп, Жиренше қартайып, ақылсыз әйел, парықсыз бала сыйламай, Жиреншеге бұзау баққызып, тезек тергізіп қояды. Көріскелі келген әз Жәнібек Жиреншеге далада кездесіп:
-Уа, шешенім, тезек теріп жүргенің қалай? – дейді. Сонда Жиренше шешен іркілместен:
- Қатын шайпау, ұл тентек,
Екеуледі, ей ханым!
Кәрілік жеңді, мал тайды,
Төртеуледі, ей ханым!
Басымнан бақтың тайғанын
Көрмейсің бе, ей ханым!
Арк,амдағы к,у тезек,
Әркімге келер бір кезек - депті.

Пікірлер Кіру