Жер оны қабылдамайды

04 қаңтар 2019 8357 0
Оқу режимі

Нәжжар ұлдарынан бір христиан бар еді. Алғашында мұсылмандықты қабылдап, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқып жүреді. Пайғамбарға (с.ғ.с.) уаһи жазып беретін*. Сол кісі кейіннен қайтадан христиандыққа қайтып: «Мұхаммед ештеңе білмейді. Тек менің жазып бергендерімді ғана біледі» деген сөздерді тарата бастайды. Ол өлген соң христиандар оны жерлейді. Алайда, жұрт ертеңіне оның денесін қабірдің сыртқа шығарып тастағанын көреді.

Сонда христиандар: «Бұл – Мұхаммед пен сахабаларының ісі. Өздерінен кеткен соң бұл бауырымыздың кебінін шешіп, денесін далаға тастап кетті», – деп жала жабады. Терең шұңқыр қазып, оны сол жерге көмеді. Бірақ, ертеңіне оны жердің тағы да сыртқа шығарып тастағанын көреді.

Христиандар бұған тағы да мұсылмандарды айыптайды. Бір жерден тағы да шұңқыр қазады. Бар күштерін салып тереңдетіп қазады. Бірақ, ертеңіне дененің тағы да сыртта жатқанын көреді. Сонда христиандар бұл істі адамдардың жасамағанын түсініп, мәйітті көмусіз қалдырады. Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл кісі өлген кезде: «Жер оны қабылдамайды», - деп ескерткен екен.

*Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне түскен аяттарды кейбір сауатты кісілерге жазғызатын. Жалпы саны қырық шақты сондай кісілер пайғамбарға түскен уахиларды жазу арқылы аяттардың сақталуына атсалысқан. Оқиғада сондай құрметті деңгейде болған бір кісінің кейіннен өзге дінге өткені баяндалған.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру