ЖЕБРЕЙІЛ (Ғ.С.) ШЕГІНЕ ЖЕТЕ АЛМАҒАН ЖҰМАҚ

17 маусым 2022 6764 0
Оқу режимі

Алла Тағала Жебрейіл періштені әр қанатының ұзындығы батыс пен шығысқа жететін алты жүз қанатты етіп, ең әдемі кейіпте жаратқан кезде, Жебрейіл періште өзіне сүйсіне қарап: «Я, раббым! Сен менен де әдемі жаратылысты жараттың ба?» – деп сұрайды. Сонда Раббысының «Бұл ғаламда сенен көркемірек жаратылыс жоқ» деген жауабын естіген Жебрейіл періште қуаныштан және шүкіршіліктен екі ракағат намаз оқиды. Намазында ықыласты болғаны соншалықты әрбір ракағатынде жиырма мың жыл оқиды.

Жебрейіл періште ғибадатын аяқтаған кезінде Алла Тағала: «Я, Жебрейіл, сен құлшылығыңды сондай кемел қылып орындадың. Бұдан былай сенің бұл екі ракағатыңа жететіндей дәрежеде ешкім намаз оқи алмайды. Бірақ, Ақырзаман жақындағанда Мұхаммед деген бір пайғамбар шығады. Оның сондай әлсіз, күнәға белшесінен батқан үмметі бейғам, есінеген, дүние тіршіліктерлі ойлаған күйде ең оңай уақытта кемшілікке толы екі рекет намаз оқиды. Я, Жебрейіл! олардың сөйтіп оқыған екі ракағат намазы сенің бұл намазыңнан маған ұнамдырақ. Себебі, олар Менің әмірімді орындап намаза оқыса, сен өз ол алдыңа құлшылық қылдың», – дейді. Сонда Жебрейіл періште таңданыс білдіріп: «Жаратушы Ием, сен оларлың бұл ғибадатының сауабына не сый бересің?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Мен оларға «Жәннат ал-Маьуаны» (жұмақ есімдерінің бірі) беремін», – дейді.

Бұны естіген Жебрейіл қызығып Алла Тағаладан ол жерді көруге рұқсат сұрайды. Оған рұқсат беріледі. Сонда Жебрейіл періште бар күшін салып Жәннат ал-Маьуаға ұшып, көтеріле бастайды. Жебрейіл періште әр қанатын ашқан сайын үш мың шақырым биіктікке ұшып отырады. Дегенмен қанша қанатын жайып, қайратын кетіріп ұшқанымен, деген жеріне жете алмайды. Ақырында болмағасын қанаттары талып, Жаратушысына сәжде етеді. Сәждеде: «Я, Раббым, мен көп ұштым. Жәннат ал-Маьуаның жартысына немесе төрттен екісі, не біріне жеткен болармын?» – деп сұрайды. Сонда Алла Тағала: «Я, Жебрейіл! Егер сен үш жүз жыл ұшсаң, сосын мен саған тағы да сондай қашықтықты алатын қанат пен қуат беріп, сен тағы да ұшсаң, Мұхаммед үмметінің екі ракағат оқыған намазының сауабына берілген Жәннат ал-Маьуаның оннан біріне де жете алмайсың!» – деп жауап береді.

Дереккөз: muslim.kz мұрағатынан

Пікірлер Кіру