«ЖАҚСЫ СӨЗ» - ОЛ ҚАНДАЙ СӨЗ?

15 шілде 2024 1240 0
Оқу режимі

«Жақсы сөз» дегеніміз – ең әдемі сөз емес, жақсы сөз дегеніміз – ұйқасы мен бунағы, буыны мен ырғағы тең келетін сылдыр сұйық сөз де емес.

Жақсы сөз – адамның екі дүниесіне де пайда келтіретін сөз!

Жақсы сөз:

1. Өзгелердің көңілін көтеру үшін айтылатын есті сөз;

2. Мұңайған жанға үміт сыйлау үшін, жаны жаралы жанның көңіліне медеу болу үшін айтылған демеу сөз;

3. Қарыз сұрап келген адамға сенім, жігер сыйлайтын уытты сөз;

4. Адамдардың арасын жарастыру үшін айтылған жылы сөз;

5. Біреудің қатесін түзету үшін жанашырлықпен айтылған шынайы сөз;

6. Жақсылықты көбейтіп, жамандыққа тосқауыл қою үшін айтылған насихат сөз;

7. Өз білгеніңді өзгелермен бөлісу, басқаларға үйрету үшін айтылған ойыңдағы сөз де жатады.

Міне, осындай игі мақсатта айтылып, өз иесін тауып жатқан жүйелі сөздің барлығын «жақсы сөз» деп атаймыз. «Жүрек таза болғанда ғана тілден әдемі сөз шығады» дейді. Жақсы сөз – адамның адамгершілігі мен парасат деңгейінің айнасы.

Жақсы сөз – жан азығы.

Ендеше, тіліміз осындай жақсы сөздерді айтудан құрғамасын деп тілеймін!

Жания ЖҰМАТАЙҚЫЗЫ

 

Пікірлер Кіру