Жәннат бақшасының жемістерін ала кетіңдер!
31 мамыр 2018
13114
0
Оқу режимі
Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннат бақшалары жанынан өтер болсаңдар, жемісін ала кетіңдер», – деді. Мен: «Уа, Алла Елшісі! Жәннат бақшалары не?» – дегенімде: «Мешіттер», – деп жауап қайтарды.
Мен: «Жемісі не?» – дегенімде: «Субхана Аллаһи уәл-хамду лилләһи уә лә иләһә иллә Аллаһу уә Аллаһу Акбар»[1], – деді. (Тирмизи).
Дұғаның мағынасы: «Алла кемшілік атаулыдан пәк, барлық мақтау Аллаға тән, Алладан басқа құдай жоқ, Алла барлық нәрседен Ұлық».
[1] Тирмизи
Пікірлер
Кіру